384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбек саяхатшылары Нұр-Сұлтан қаласын көруді армандайды

  • 171
  • UPD: 11:59, 05.07.2019
Өзбек саяхатшылары Нұр-Сұлтан қаласын көруді армандайды

Өзбек саяхатшылары Арқа төсіндегі Нұр-Сұлтан қаласын көруді армандайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі - Равшан Хакимов. Бозбала шағында боз дала секілденген байырғы тың өлкеде қазір замануи қала салынғанын естіп, біліп отыр. Заңгер Равшан 1980 жылдардың ортасында студенттік құрылыс отрядымен сол кездегі Целиноград қаласында қатарынан екі жыл жұмыс істегенін еске алады. Жалындаған жас жігіт Шортанды ауданындағы үй құрылыстары мен жол салуға қатысып, арқа төсіндегі бірнеше ферманың шатырын жапқан. «Студенттік құрылыс жасағында жүріп ел көрдім, ұлы дала төсін мекендеген дархан мінезді қазақ деген дос таптым», - дейді заңгер.

Равшан Хакимов, Өзбекстан халықаралық құқық қауымдастығының төрағасы:

- Мен Нұр-Сұлтанда студенттік  жылдары болдым. Ол кезде Целиноград деп аталушы еді. Біз студенттік құрылыс жасағының құрамында болдық. Біріншіден, айналасында тынық, мөлдір суы бар ірілі-ұсақты өзендер өте көп. Табиғаты да ерекше. Жаздағы ыстығы мен қатал қысы бар. Ауық-ауық өкпек жел соғып тұрады. Бұның барлығы есте сақталып қалған. Ең бастысы - халқы еңбекқор. Иен дала төсінде сондай қалалар тұрғызып, егін өсіріп, тіпті рекордтық өнім алып жатыр. Мұның барлығында қарапайым қазақстандықтардың еңбегі тұр.

 

Хабар 24 телеарнасы