384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


SCAT әуе компаниясы: Ұшаққа қосымша техникалық жөндеу қажет

  • 172
  • UPD: 14:22, 05.07.2019
SCAT әуе компаниясы: Ұшаққа қосымша техникалық жөндеу қажет

Нұр-Сұлтаннан Анталияға бет алған жолаушылар 10 сағаттан астам уақыт елорда әуежайынан ұша алар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

SCAT әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, ұшаққа қосымша техникалық жөндеу қажет. Сондықтан оны басқа әуе кемесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Соңғы ақпараттар бойынша жолаушылар енді жергілікті уақытпен 15:30-да жолға шығуы керек. Қазір оларға ыстық тағам мен сусындар таратырылып жатыр. Бұған қоса, ұшу уақытына дейін қонақ үйге орналастыру мәселесі қолға алынған.

Айта кетейік, «Нұр-Сұлтан-Анталия» әуе рейсін 200-ден аса жолаушы күтіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы