389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда аспан астындағы музей жұмыс істеп тұр

  • 427
  • UPD: 15:34, 05.07.2019
Павлодарда аспан астындағы музей жұмыс істеп тұр

Павлодар қаласында Ертіс өзенінің бойындағы «Қаз қонақ» ескерткішінің аумағында миллиондаған жыл бұрын тіршілік еткен жануарлардың мүсіндері пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Неоген дәуіріне жататын бірегей палеонтологиялық ескерткіштен мүйізтұмсық, мамонт, азу тісті жолбарыс, гиппарион сияқты ежелгі сүтқоректілердің сүйектері табылғаны белгілі. Көне аңдарды енді мүсіндер арқылы көзге елестетуге болады. Жоба орталық жағалауды ұзарту жұмыстары аясында жүзеге асырылған. Оған қоса, жыл сайын шайылып кететін ескерткіштің жағасы бекітіліп, қауіп сейілді. Шығармашылық жұмысқа елордалық және жергілікті мүсіншілер атсалысқан.

Айта кетейік, бұл инфрақұрылымдық жобаға 1,5 млрд теңге бөлінді. Осылайша, өзен жағасы 5,5 шақырымға жетіп, еліміздегі ең ұзын демалыс орнына айналды.

Дәурен Дощанов, мүсінші:

- Осындай жоба қатысып, қаланың көркеюіне үлесімді қосқым келді. Арманым орындалды. «Қаз қонақ» ескерткішінің аумағындағы бұл азулы жолбарыс менің туындым. Мүсінді екі аптадай жанымды салып жасадым. Көңілімнен шықты.

Елена Горостовская, қала тұрғыны:

- Осы жерде жиі серуендеуміз. Бұрын қамыс басқан аумақ болатын. Бүгінгі күнгі келбеті ұнап жатыр. «Қаз қонақ» бірегей ескерткішінің ажары ашылғандай. Ендігі мақсатымыз - мүсіндерді қиратпай, сақтау. Жоба авторларына айтар алғысым шексіз.

 

Хабар 24 телеарнасы