384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыстан зардап шеккен екі бала ауыр халде жатыр

  • 174
  • UPD: 17:47, 05.07.2019
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен екі бала ауыр халде жатыр

Арыс қаласында болған жарылыстардан зардап шеккен екі адам ауыр халде жатыр.

Олардың бірі 17 жастағы жасөспірім Түркістан облыстық аураханасының жансақтау бөлімінде, ал екінші бала Елорданың қалалық балалар ауруханасында жатыр. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Науқастарға көмек көрсету үшін білікті мамандар тартылған және олардың жағдайы бас дәрігердің бақылауында болады. Сондай-ақ оқыс оқиға кезінде ауданның орталық аурухана ғимараты зақымданған. Оның төбесіне снаряд түсіп, терезелері қираған. Дегенмен, «бір ай көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат қайта қалпына келтіріледі» деді министр.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бүгінгі күнде стационарлық ауруханалардың емінде 19 науқас жатыр. Оның 15-і Түркістан облысының ауруханасында. Екі науқас Алматыда жатыр. Нұр-Сұлтан қалалық балалар ауруханасында екі науқас жатыр. Жалпы реанимация бөлімінде үш адам. Оның екеуі бала. Осы екі баланың жағдайы өзімнің бақылауымда. Бүкіл қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы