389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанның 100 тұрғыны 1 млн теңгеден баспана сертификатын алды

  • 340
  • UPD: 23:41, 05.07.2019
Нұр-Сұлтанның 100 тұрғыны 1 млн теңгеден баспана сертификатын алды

Биыл Елордада 500-ге жуық тұрғын үй сертификаты табысталады.

Осы  күнге дейін 1 млн теңгені алуға мүмкіндік беретін мұндай құжатты 150-ге тарта отбасы иеленген болатын. Енді оған тағы 100 адам қол жеткізді. Олар мұғалімдер, медицина қызметкерлері мен  құқық қорғау органы өкілдері. Қазіргі уақытта әкімдік басқа да саланың мамандарына тұрғын үй сертификатын  беру жағын қарастырып жатыр.

Ерлан Қаналиев, қала әкімінің орынбасары:

- Жалпы бізде бюджеттік саладағы баспана кезегінде тұрғандардың саны 22 мыңнан асады. 46 мыңның тең жартысы бюжеттік қызметкерлер. Қазір біз қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік сала қызметкерлерін және мәдениет саласыың қызметкерлерін осы бағдарламаға қосу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бір айдың ішінде мәслихат шешіміне өзгеріс енгізіп, сол саланың қызметкерлерін сы бағдарамаға кіргізу жағы шешілетін болады.

Жанар Дүйсенова, қала тұрғыны:

-Мен үшін және менің отбасым үшін үлкен қуаныш. Биылғы жылды Елбасымыз жастар жылы деп жариялап, соған орай жастарға үлкен көмек, үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Сол қолдаудың нәтижесі біздің бүгінгі алып отрыған сертификатымыз. Бұл өзіміздің баспанамызды алу үшін үлкен көмек. Екі балам бар. Бір ұл, бір қызым. Құдай қаласа, биыл ұлым мектепке барады.

Хабар 24 телеарнасы