384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысы Арыс тұрғындарына 70 млн теңгеге жуық қаржы аударды

  • 406
  • UPD: 19:00, 05.07.2019
Павлодар облысы Арыс тұрғындарына 70 млн теңгеге жуық қаржы аударды

Павлодар облысы Арыстағы әскери бөлімде оқдәрі сақталатын қоймада болған жаралыстардан зардап шеккен тұрғындарға 70 миллион теңгеге жуық қаржы аударды.

Сонымен қатар 90 тоннадан астам көмек қорын жөнелтті. Түркістан облысына  50 тонна ұн, 16 тонна жарма, 7 тоннадан астам макарон өнімдерін, 4,5 тоннаға жуық  картоп, 3  тонна қант, 2 тонна күнбағыс майын жеткізіп берді. Қазіргі кезде, Арыс қаласында павлодарлық құрылысшылар жұмыс істеп жатыр. Олар 325 үйді қалпына келтіреді. Сонымен қатар 300 балаға демалыс ұйымдастыруға шешім қабылдады. Баянауыл ауданында көшпелі мәжіліс өткізген облыс әкімі Болат Бақауов «Жас дәурен» оқу-сауықтыру лагерінде дамалып жатқан арыстық бүлдіршіндер мен олардың ұстаздарымен кездесті. Шілде айының 8-де Түркістан облысынан 170 бала келеді. Оларға Ақсу қаласының Беловка ауылындағы «Ферроқорытпа» және Шарбақты ауданындағы «Чайка» лагерьлерінде демалыс ұйымдастырылады.

Болат Бақауов,  облыс әкімі:

- Қалпына келтіретін 325 үйдің 5-і көп қабатты үй. Бүгінгі таңда жұмыс жоспары нақтыланып бекітілді. Құрылыс алаңына 130 жұмысшы тартылған.  Қаржыландыру жағы да өз шешімін тапты. Жергілікті тұрғындармен арада байланыс орнаған. Бүлінген үйлердің бәрін жөндеп, олқылықтарды бір ай көлемінде толық жоюды  көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы