389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ла-Маншты жүзіп өткен тұңғыш қазақ бұғазды бағындыруы туралы айтып берді

  • 592
  • UPD: 20:47, 05.07.2019

Алматылық Ержан Есімханов 34 шақырымдық Ла-Манш бұғазын 14 сағат 21 минутта жүзіп өтті.

Есімхановтың бұл ерлігі ел есінде қалатыны сөзсіз. Өйткені Франция мен Британия арасын қосатын Ла-Маншты жалғыз жүзіп өткен әзірше біздің елде Ержан ғана. Ал оны бағындыру кез келген спортшының қолынан келе бермейді. Тарихқа сәл көз жүгіртсек, сонау 1875 жылы Мэттью Уэбб Ла-Маншты алғаш бағындырған ағылшын азаматы болса, 70 жасында осы бұғазды жүзіп өткен Роджер Оллсопты да әлем жанкүйерлері жақсы біледі.

Ержан Есімханов, Ла-Маншты жүзіп өткен спортшы:

- Мен суда жүзумен 3 жылдан аса уақыт айналысып келем. Ла-Маншты жүзіп өту көптеген спортшының арманы. Бұған дейін Гибралтар мен Австрия және Мароккада марафондық жүзуден бақ сынадым. Содан кейін тәуекел деп Ла-Маншқа дайындықты бастап кеттім. Ауызбен айтуға оңай. Бірақ стартқа түнгі сағат 12-де шықтым. Көптеген қиындықтарға қарамастан діттеген мақсатыма қол жеткіздім.

Хабар 24 телеарнасы