383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласы мен маңайынан 3700-ге жуық оқдәрі табылды

  • 187
  • UPD: 22:26, 05.07.2019

Арыс пен маңайындағы ауылдардан 3 мың 700-дей оқдәрі табылған. Олар қаладан 60 шақырым жердегі арнайы қоймаға жеткізіліп, залалсыздандырылып жатыр.

Сондықтан тұрғындарға снарядтардан төнетін қауіп жоқ. Жарылыс кезінде жан-жаққа қашып, жағдай тұрақталғасын үйлеріне оралған арыстықтардан күніне 50-60 шақырту түседі екен. Жалпы 500-ден астам тұрғын түрлі оқ-дәріге ұқсас заттар тауып алдық деп әскери органдарға хабарласқан. Арыста оқ-дәрі қоймасы болмайды, тек әскери бөлімдер қалады. Арыс қаласының маңайындағы Ақжол, Ақдала ауылдарының үйлері де жарылыстан зақымданды. Сондықтан сол елді мекен тұрғындары да арыстықтарға берілетін 100 мың теңгеден шет қалмайды. Ертең Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Онда агроөнімдер нарық бағасынан 30% төмен бағада сатылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы