389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда арыстық бүлдіршіндерге сыйлық үлестірілді

  • 310
  • UPD: 15:30, 06.07.2019

«Асыл бала» қоғамдық қоры ұйытқы болып, 180-нен астам балаға қажетті киім-кешек пен аяқ киім таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, 1 шілдеде Арыс қаласының 186 кішкентай тұрғыны жазғы демалыстың бір бөлігін өткізу үшін еліміздің бас қаласына келген болатын. Олар екі апта ішінде елорданың тарихи әрі қызықты нысандарын аралап, қала күніндегі мерекелік шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.      

Гүлжан Исмайылова, Арыс қаласы Б.Кенжебаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары:

– 8 тәрбиеші жұмыс жасап жатыр. Олардың екеуі Түркістан облысының білім басқармасынан, қалған алтауы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жетекшілік етіп келдік. Қазір колледж ғимаратында 84 бала тұрақтап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы