389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандық жастар велосипед жолдарын салып, көлік қатынасын жақсарту туралы сөз қозғады

  • 330
  • UPD: 15:28, 06.07.2019
Талдықорғандық жастар велосипед жолдарын салып, көлік қатынасын жақсарту туралы сөз қозғады

Талдықорғанда қала дамуына қатысты бұрын-соңды болмаған ерекше конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара әдеттегідей ғимарат ішінде емес, кешкісін еркін форматта, ашық алаңда ұйымдастырылды. Елорда күніне арналған басқосуға шетелде білім алып, қалалардың қалыптасуын зерттеп жүрген жастар шақыртылды. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер мен белсенділер қатысты. Олар шаһардың өсіп-өркендеуіне қатысты өз ойларын ортаға салды. Болашақта туындауы мүмкін өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын ұсынды. Әсіресе жастар облыс орталығы бас қалаға қарап бой түзейтінін айтты. Әрі онда ұтымды пайдаланылған жоба жоспарларды оңтайлы қолдануға болатынын атап өтті. Сонымен қатар велосипед жолдарын салып, көлік қатынасын жақсарту туралы сөз қозғады.

Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы:

– Бүкіл халыққа жағдай жасалып келе жатыр. Облыс орталығы дамып келе жатыр. 5 жылда 170-180 мың халқымыз жарты млн-ға дейін өсуі мүмкін. Сол себепті, урбанистика мәселесі, жол, көлік мәселесін жоспарлап, қаламыз өскенде біз дайын болуымыз тиіс.

Хабар 24 телеарнасы