389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ басшысы елорда күнімен құттықтады

  • 337
  • UPD: 15:28, 06.07.2019

Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасында бүгінде берік қарым-қатынас орнаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол ортақ мақсаттарды іске асыруға негізделген. Қазақстан алғаш рет Алматыда, кейін 2018 жылы Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша декларацияны қабылдаған ел ретінде бүкіл әлемге белгілі. Ол 40 жыл бұрын қабылданып, кейін астанада өткен жаһандық конференцияда жалғасын тапты. Айтулы шара өткен жылдың күзінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен және қазақ үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің қолдауымен өткен еді. Бұл туралы Женевада астананың 21 жылдығымен құттықтай отырып, арнамызға эксклюзивті сұхбат беру барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус айтты.

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– Қалада саламатты өмір салтын ұстап жүру үшін оған қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Астаналарыңызды көргенде оның дәл осы бағытта дамып жатқанын байқадым. Дегенмен әлі де көбірек инвестиция тарту қажет. Осыған орай қазақ үкіметі денсаулық сақтау саласына бағытталған қаржы көлемін ұлғайтып келеді. Бұл адамдардың өмір сүру жасының ұзаруына септігін тизігері сөзсіз. Және ол үшін мен өте қуаныштымын. Шын жүректен елорда тұрғындарын астана күнімен құттықтаймын. Бұл қалада мен екі мәрте болдым және ол өте қатты ұнады. Алдағы уақытта да бұл шаһарға жолым түседі деп үміттенемін. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы