384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Ветцель: Астананың сәулетті ғимараттары бірден көзге түседі

  • 143
  • UPD: 15:28, 06.07.2019

Елімізде жұмыс бабымен жиі болып тұратын неміс журналисі Биргит Ветцель Нұр-Сұлтан қаласы заманауи шаһарға айналғанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдік тілші елордамызда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі мен EXPO халықаралық көрмесінің ашылуында болған. Биргит Ветцельдің айтуынша, бас шаһарымызда күннен-күнге түрлі тың дүниелер жасалып, жаңашылдықтар енгізілуде. Қала күн сайын дамып, көркейіп келеді. Сонымен қатар бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы – түрлі халықаралық самитттер мен көрмелер ұйымдастыратын басты алаң.

Биргит Ветцель, журналист:

– Қазақстан астанасында тұңғыш рет осыдан 10 жыл бұрын болдым. Сол кезден-ақ заманауи қалаға айналып бара жатқанын байқадым. Оның сәулетті ғимараттары бірден көзге түседі. Маған әсіресе атақты сәулетші Норман Фостердің жұмысы қатты ұнады. Нұр-Сұлтан қаласында 8 рет болдым. Мәселен, онда түрлі саяси және экономикалық шаралар жиі ұйымдастырылып отырады. Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Хабар 24 телеарнасы