389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Бузаров: Нұр-Сұлтан қаласы жаһандық деңгейдегі саяси орталыққа айналды

  • 398
  • UPD: 15:27, 06.07.2019

Қазақстанның бас қаласын құттықтаған жылы лебіздер Украинада да айтылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Нұр-Сұлтан шаһарының архитектуралық сәулетінен бөлек, қала жаһандық деңгейдегі саяси орталыққа айналды», – дейді Андрей Бузаров. Халықаралық саяси-құқықтық саланың тәуелсіз сарапшысы Қазақстанға 4 рет барған екен. Астана экономикалық және  Еуразия медиа форумдарына қатысқан маман Қазақстанға ең ізгі және ақ тілектерін арнайды. Саяси сарапшы «Елорда әлемге бейбіт мекен ретінде үлгі» дегенді айтады және «жас қаланың әлеуеті орасан» деп ой түйеді сарапшы.

Андрей Бузаров, халықаралық саяси-құқықтық саланың тәуелсіз сарапшысы:

– Қаланың Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдері үшін де маңызды хабқа айналғанын мойындауымыз керек. Қазақстанның бас қаласы келелі мәселелер талқыланатын алаң ретінде де қалыптасты.  Мұнда әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі ұйымдастыралады, экономикалық форумдар жоғары деңгейде өтеді. Елорда еңсесі биіктей берсін. Орта Азия елдері үшін ғана емес, әлемдік саясатта өзіндік орын алатын шаһар жұртын мерекемен құттықтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы