384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Кушербаев: Нұр-Сұлтан қаласы – татулық пен ынтымақтың алтын бесігі

  • 163
  • UPD: 15:27, 06.07.2019
Р.Кушербаев: Нұр-Сұлтан қаласы – татулық пен ынтымақтың алтын бесігі Новости Узбекистана

Елорда бір-біріне қырғи-қабақ болып жүрген талай мемлекетке төрін ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бейбіт келісімдер жасалды. Сонысымен де құнды», – дейді Өзбекстан Респуликасы Олий Мәжіліс заң шығару палатасының депутаты Расул Кушербаев. Ал ағылшын құқығымен жұмыс істейтін «Астана» қаржы орталығы аз ғана уақытта өңірлік хабқа айналды. Ондағы халықаралық арбитаж инвестицияның одан әрі дамуына негіз болады деп отыр. Өйткені кез келген мемлекет жаһандық трансформация жағдайына бейім болуы керек. Халықтың цифрлы сауаттылығы құлтемірді игеруге мүмкіндік береді. Ал IT технология өндірісті ілгерілетеді. Урбанизация – жаңа дәуір бастау. «Арқа төсіндегі Нұр-Сұлтан қаласы – Қазақстанда жүргізілген реформаның оңды нәтижесі», – дейді қандасымыз.

Расул Кушербаев, ӨР Олий Мәжілісінің заң шығару палатасының депутаты:

– Бүкіл қазақстандықтарды Нұр-Сұлтан қаласы күнімен өз атымнан, әріптестерімнің атынан құттықтаймын. Өткен уақыт ішінде көрдік Нұр-Сұлтан қаласы елдердің ортасында тыныштықты орнату, елдердің басын қосу ретінде дүние жүзінде өзінің бөлекше орынын көрсетті. ЭКСПО-2017-ден кейін соның орнында қаржы орталығының түзілгені тыныштық жолында, бизнесмендер мен кәсіпкерлер бір жерге бас қосып, өздерінің инвестициялық жобаларын амалға асыруда.

Хабар 24 телеарнасы