389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық кәсіпкерлер шеберлігін Германияда шыңдайды

  • 245
  • UPD: 15:27, 06.07.2019
Қазақстандық кәсіпкерлер шеберлігін Германияда шыңдайды

Қазақстандық кәсіпкерлер алдағы үш жылда Германияда тегін бизнес-тағылымдамадан өте алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос мемлекеттің ұлттық экономика министрліктері басқарушы мамандарды дайындау саласында ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде меморандумға қол қойған. Бұл бағдарламаны 12 жыл бойы Германия үкіметі қаржыландырып келеді. Біздің кәсіпкерлер шетелдік тәжірибені белсенді сіңіріп жатыр. Тек соңғы екі жылда 160-тан астам адам Германияда тағылымдаманы өткен. Әдетте олар бір ай бойы тренингтерге қатысып, озық технологиялар мен тәсілдемелермен танысады. Ал ең бастысы, бұл жаңа бизнес байланыстар орнатуға жол ашады. Қос тараптың мәлімдеуінше, бағдарлама өз тиімділігін дәлелдеген, сондықтан Қазақстан және Германия осы саладағы ынтымақтастығын нығайта береді. 

Ермек Алпысов, ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары:

– Қазақстандық тарап кәсіпкерлеріміз үшін бизнес-тренинг квоталарын арттыруға тілек білдірді. Бұл кәсіпкерлеріміз арасында екіжақты байланыстардың одан әрі дамуына, Қазақстан экономикасына жаңа технологиялар тартуға және менеджмент бойынша жаңа құралдарды ендіруге серпін береді. 

Евгений Больгерт, «Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары:

– Қазақстандағы әрбір кәсіпкердің Ұлттық палатаға жүгініп, Германия кәсіпкерлерінің қолында бар ең озық технологиялар мен инновацияларымен танысуына мүмкіндігі бар. «Іскер байланыстар» бағдарламасы – кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге арналған «Бизнес -2020 Жол картасының» бір бөлігі. Бұл ешбір шығынсыз, Германия тарабының есебінен білім алудың бірегей мүмкіндігі.

Хабар 24 телеарнасы