389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ағаш кесуге рұқсат берілді

  • 307
  • UPD: 15:26, 06.07.2019
СҚО-да ағаш кесуге рұқсат берілді

Арнамыздан шыққан мәселе прокурорлардың «Заң керуені» акциясында көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, отын шығаруға облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері тыйым салған.

Естеріңізде болса, Қызылжар ауданында екі орман шаруашылығының директорлары парамен ұсталып, тексеріс тағайындалған болатын. Соның кесірінен ағаш дайындау науқаны тоқтатылып, ондаған ауылдың тұрғындары отынсыз қалды. Енді бұл мәселе шешімін тапты.

Егор Поляков, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:

– Заңға сейкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ағаш кесуге тыйым сала алмайды. Бұл олардың құзырында емес. Қазір осы сұрақ жіті бақылауға алынды. Мән-жайды анықтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы