384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскіде қазақстандық кәсіпорындар өнімдерінің көрмесі өтті

  • 412
  • UPD: 15:26, 06.07.2019
Минскіде қазақстандық кәсіпорындар өнімдерінің көрмесі өтті

Онда еліміздің жетекші алты компаниясы қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, осындай шаралар «Қазақстанда жасалған» бұйымдардың танымалдығы мен тұтынушылар арасында сұранысын арттыруға бағытталған. Өткен жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 690 миллион доллардан асып кеткен.

Аян Еренов, Қазақстан Сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы: 

– Бұл шара тегін. Әрбір тұтынушының қазақстандық стендке барып, тікелей ынтымақтастық орнатуға мүмкіндігі бар. Әрине, Минск пен Беларусьтің өзге қалаларынан ірі дилерлік пен дистрибьюторлық компанияларын шақырдық. Біз бұл елге экспорт орнатуға мүдделіміз.

Хабар 24 телеарнасы