389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жыл басынан бері 6 адам суға кеткен

  • 368
  • UPD: 15:25, 06.07.2019
Ақмола облысында жыл басынан бері 6 адам суға кеткен Қармақшы таңы

Олардың үшеуі кәмелетке толмағандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 70 адам құтқарылса, олардың 20-сы бала. «Сондықтан қауіпсіздікті күшейтіп, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру керек», – дейді мамандар. Себебі, қайғылы оқиғалардың барлығы дерлік суға түсуге болмайтын аумақтарда тіркелген. Аймақ құтқарушылары Зеренді көлінің жағасында көшпелі брифинг өткізіп, шомылушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Өйткені өңірде 700-ден астам су айдыны бар болса, олардың небәрі 20-сында ғана суға түсуге рұқсат етілген. Ал 4 ірі көлде құтқару бекеті бар. Дегенмен басқа да су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі үшін қоғамдық құтқарушылардың қатары көбейтіліп келеді.

Денис Соколов, қоғамдық құтқарушы:

– Менің қоғамдық құтқарушы болып жұмыс істеп жүргеніме 2 жыл болды. Биылдың өзінде екі адамды құтқарып қалдым. Бұл қызмет маған ұнайды. Адамдардың өміріне араша түсеміз.

Алексей Советов, облыстық ТЖД бастығы:

– Биыл бізде 3 бала суға кетті. Олар ата-анасының қарауынсыз қалған. Ал екі ер адам балық аулап жүріп суға батқан. Тағы бір қыз бала шомылуға тыйым салынған жерге суға кетіп, көз жұмды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын күшейтіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы