384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте елорда күніне орай мерекелік іс-шаралар басталды

  • 199
  • UPD: 15:24, 06.07.2019
Шымкентте елорда күніне орай мерекелік іс-шаралар басталды

Шығармашылық адамдарының бас қосатын жеріне айналып үлгерген бұл орын шаһарда бір жыл бұрын пайда болған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше кеште мұнда шымкенттік музыканттар мен бишілер жиналып, мерекенің көрігін қыздырды. Олар кеш бойы жанды дауыспен ән салып, қала тұрғындарының назарына мерекелік концерт ұсынды.

Әділбек Ізмұханов, қала тұрғыны:

– Бүгін еліміздің астанасында туған күн кеші болып жатыр. Осы кештің арқасында бүкіл қазақстандықтарға бейбіт өмір сүруіне, көркейіп-өсуіне, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарында болуына тілектеспін. Бар жақсалықты елімізге тілеймін. Аманшылықта болайық.

Саян Қалыбай, қала тұрғыны:

– Құрметті Қазақстан халқын еліміздің бас ордасы Нұр-Сұлтан қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке баршамызға құтты болсын! Нұр-Сұлтан қаласы күннен-күнге көркейіп, әрқашан заманауи бәсекеге үлкен мегаполис қалалардың бірі болуына шын жүректен тілектеспін. Ол қаланың қонақжайлылығы, ЭКСПО өткізуі біз үшін үлкен серпіліс.

Хабар 24 телеарнасы