389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық оқушылар асфальтқа сурет салып жарысты

  • 582
  • UPD: 15:24, 06.07.2019
Ақтаулық оқушылар асфальтқа сурет салып жарысты

Еліміздің бас шаһарының мерекесі қарсаңында ақтаулық оқушылар асфальтқа сурет салудан сайысқа қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Елорда – елімнің жүрегі» деп аталатын дәстүрлі байқауды өңірлік ассамблея өкілдері ұйымдастырды. Биыл оған мектепшілік жазғы демалыс орындарынан бөлек Каспий жағасындағы лагерьлерде тынығып жатқан балалар да шақырылды. Достық үйінің жанындағы алаңда жеткіншектер Нұр-Сұлтан қаласының көріністерін асфальтқа түрлі-түсті бормен бейнелеп, шығармашылық қабілетін танытты. Сондай-ақ викториналық сұрақтарға жауап беріп, елорда туралы танымдарын байқаты. Жүзге жуық оқушы арасынан үздік танылғандары сайыс соңында бағалы сыйлықтармен марапатталды.   

Амангүл Жайылханова, «Қоғамдық келісім» ММ басшысы:

– Мен өте қуаныштымын. Біздің балаларымыз, келешек ұрпағымыз елордамыздың қандай дәрежеде екенін, біздің еліміздің Тұңғыш Президентінің, қазіргі президентінің кім екенін барлығының да білетіндігі өте қуантарлық жағдай. Этномәдени бірлестіктер атынан балаларға тәттілер үлестірілетін болады және де Достық үйіндегі кинотеатрда жақсы фильмдер көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы