389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық саяси шолушы: Астана адамдарымен ажарлы

  • 341
  • UPD: 16:38, 06.07.2019

«Бас қаланың байлығы – оның тұрғындары».

Украиналық саяси шолушы әрі мерзімді басылым қызметкері және саяхатшы Тарас Козуб осылай деп пікір айтты, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол Қазақстанға биыл алғаш рет арнайы барып, елорданы көріп қайтыпты. «Қала туристер үшін ыңғайлы әрі қолайлы», – дейді ол. Әсіресе Есілдің жағасы және қаланың көне әрі жаңа мекені бір-бірімен әдемі үйлеседі екен», – дейді Тарас Козуб. Саяхатшыға алдымен шаһар тұрғындары ұнапты, жергілікті халық сыпайы әрі қонақжай дегенді айтады қала қонағы.  

Тарас Козуб, халықаралық саяси шолушы, БАҚ қызметкері:

– Қала тұрғындары кішіпейіл екен. Ол да бір мәдениет. Көшемен келе жатқанда жергілікті адамдардың жылы жүзі жүрегіңді елжіретеді. Жөн сұрасаң, шын көңілден жауап береді, ешкімді алаламайды. Қала жасыл желекке оранып келеді екен, бау-бақтар өте көп. Саяхатты жаным сүйеді, жаңа шаһарды жаяу аралағанды ұнатамын. Астана жаяу жүргіншілерге де ыңғайлы. Қаладағы үйлердің өзара үйлесімі ұнады, сәулетке көп мән берілгені байқалады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын қала күнімен құттықтап, бар жақсылықты тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы