389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде төрт өңірдің азық-түлік тауары саудаланды

  • 414
  • UPD: 16:36, 06.07.2019

Елорда күніне орай республиканың төрт өңірінен шаһарға 800 тонна азық-түлік әкелінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тауарлар 6-7 шілде күндері екі жерде ұйымдастырылған ауылшаруашылық жәрмеңкесінде сатылады. Батыс Қазақстан және Қарағанды облысының шаруаларының  өнімі «Қазақстан» спорт кешені алаңында қойылса, Ақмола мен Павлодар облысының өнімі «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының маңындағы алаңда сатылды.

Бүгін елордалықтардың көңілі көтеріңкі. Себебі қала күніне орай таң сәріден түрлі мерекелік іс-шаралар басталды. Соның бірі «Хан Шатыр» маңындағы жәрмеңке. Мұнда табиғи таза азық-түлік базардағы бағадан 20-30 прцент арзанға сатылып жатыр. Бұл елордалықтарға Ақмола мен павлодарлық шаруалардың жасаған тартуы. Сауда-саттықпен қатар өңірден келген өнерпаздар ән шырқап, би билеп, көпшілікті ұлттық ән-күймен тербеді.

Жәрмеңкеге Ақмола облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндеушілер 240 миллион теңгенің 220 тонна өнімі әкелінді. Оның 100 тоннадайы ет және шұжық. Сондай-ақ 26 тоннадан астам сүт өнімдері 27 тонна ұн әкелінген.

Жексенбай Көпенов, кәсіпкер:

– Осы малды біз өзіміз өсіреміз. Қара мал бар, жылқы бар, қой бар. Бағаны көп көтермейміз. Үкімет бізге көмек береді. Субсидия береді. Техника алғанда жеңілдік береді. Сондықтан бұл біздің үкіметке көмегіміз.

Жәрмеңкеде жеміс-жидек пен көкөніс сирек кездеседі. Себебі солтүстік өңірде олар әлі пісе қоймаған. Есесіне ет пен бал, сүт пен қаймақ жеткілікті. Жалпы, Павлодар облысы жәрмеңкеге 170 тонна азық-түлік әкелген.

Елорда күніне орай ұйымдастырылған ауылшаруашылық жәрмеңкесі ертең де жалғасады.

Айта кетейік, елордалықтарға арзан бағада азық-түлік әкелген төрт өңірдің әрқайсысы аз қамтылған 150-200 отбасыға қайырымдылық акциясын өткізеді.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы