389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас қаланы Алматыдан Ақмолаға көшіру идеясын бастапқыда тереңнен түсінгендер аз

  • 269
  • UPD: 20:37, 06.07.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас қаланы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы идеясын бастапқыда тереңнен түсінгендер аз.

Қиындықтар болды әрине. Бірақ қазір әлем мойындаған Нұр-Сұлтан қаласының келбетіне қарап, бұл шешімнің  қаншылықты дұрыс болғанын түсінеміз, - дейді астанаға алғаш қоныс аударған қоғам қайраткерлері.

Бүгінгі жас ұрпақ қолына қалам ұстаса, елордамыз туралы шығарма жазып, бірінші Бәйтеректің суретін салады. Себебі, олардың санасында әлемдегі ең көрікті, әсем қала – Нұр-Сұлтан.

Құралай Жолымбекова, 3-сынып оқушысы:

- Бәйтерек - Нұр-Сұлтан қаласының символы. Оны маған апам айтқан. Бәйтеректің биіктігі 97 метр, шарының көлемі 22 метр. Салмағы 300 тонна, 17 жапырақ әлемдік дін өкілдерінің тілегі мен ақ батасы.

Елорданың аз уақыт ішінде бүгінгідей гүлденетініне алғашқы кезде көпшілік сенбегені рас. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы Жоғарғы Кеңес отырысында  бас қаланы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс тастағанда, дауыс берген депутаттың бірі Уәлихан Қалижан.

Уәлихан Қалижан, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Дауыс берілді. Көпшілік дауыспенен өтті. Бірақ ешкім таяу арада осы астана ауыса қояды деп ойлаған  жоқ. Мысалы, Боннан Берлинге ауысудың өзі 10 шақты жылға ауысқаннның өзі сондай-сондай әйтеуір, кейін қандай болады? Жағдай көтереді ме? Экономикамыз көтереді ме дейтін әртүрлі пікірлер болғаны жасырын емес.

Енді жаңа астанада тынымсыз тіршілік пен жаппай құрылыс басталды. «Елордадағы тың жаңалықтарды көрермендер тағатсыздана күтіп отыратын»,- дейді ардагер журналист Роза Темірғалиева.

Сол кезде Роза апайымыз алғашқылардың бірі болып Сарыарқа төріне қоныс аударған «Хабар» агенттігінің тілшілер қосын басқарды.

Роза Темірғалиева, телевизия саласының ардагері:

- Біреулер сенді Қазақстанның жаңа астанасы осы жерде, бұрынғы Ақмола болатынына біреулер сенбеді. Сондықтан екі жақ та сенгендер де, сенбегендер де қызығушылықпен күтіп отыратын. Не болып жатыр екен деп, құрылыс қандай қарқынмен жүріп жатыр екен деп.

Әрине, бастапқыда Алматының жаймашуақ ауа райына үйренген қауым үшін оңай болмағаны анық.

Уәлихан Қалижан, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Боран соғып тұрады. Қарлы боранын, күзгі желін айтыңыз, сол кезеңдерде мысалы қыс кезінде қатты боран соққан кезде көшеде жүре алмай қалғанымыз бар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдан жаңа астанаға көшіп барып жатқанда әуежайда тұрып, «біз Алатауға сыймай кетіп бара жатқан жоқпыз, біз Алматыны қимай кетіп» барамыз деген еді.

Бүгінде Алматы экономикалық, мәдени, ғылыми орталықтың қазығы болса, Нұр-Сұлтан - әлем мойындаған жас қала.

Авторлары: Алуа Маханбет, Сержан Жұмабаев, Қанат Қалматаев

Хабар 24 телеарнасы