389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында көп балалы отбасылар баспаналы болды

  • 352
  • UPD: 20:39, 06.07.2019

Елорда күніне орай, Қарағанды облысының Шет ауданында тұратын көп балалы отбасылар баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ мерекелік кеште жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант берілді. Нұр-Сұлтан қаласының туған күнінде ауыл тұрғындарына тағы қандай тарту-таралғы жасалды.

Ақсу-Аюлы ауылында тұратын Ахметовтер отбасы Елорданың туған күнінде ерекше қуанышқа бөленді. Талай жыл пәтер жалдап келген жанұя бүгін зәулім баспанаға қол жеткізді. Жергілікті кәсіпкер Бауыржан Мұсаханов 7 миллион теңге бөліп, 5 бөлмелі үйді жиһазымен бірге сыйға тартқан. Енді жыл соңына дейін аудандағы көп балалы 31 отбасы қоныс тойын тойламақ.

Айгүл Ахметова, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны:

Алты балам бар. Үй жалдап тұрғанбыз. Көмек ретінде үй берді. Балаларымыз мәре-сәре боп жатыр үйге кіргенімізге, өзіміз де қуаныштымыз. Үлкен көмек, жақсы.

Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай өткен салтанатты кеште 15 жас кәсіпкер аудан әкімінің грантына ие болды. Бизнесін жетілдіру үшін оларға 5 миллион теңге қайтарымсыз қаржы үлестірілді.

 

Наубайхана жұмысын дамытуға 300 мың теңге тағайындалды

Көмек қаржыға ие болғандардың бірі - Сая Олжатай. Ол 2017 жылы облыс әкімінің грантын ұтып, наубайхана ашқан. Қазір 100 отбасы тұратын Қызылқой ауылын ас атасымен қамтамасыз етіп отыр. Енді бұл жолы алған ақшаға кәсібін кеңейткісі келеді.

Сая Олжатай, кәсіпкер:

Ол 300 мың теңгеге мен торт пісіретін миксер аламын. Әрі қарай өзім наннан басқа торт та пісіретін боламын. Ендігі жоспар – шағын асхана ашу.

Бұл күні Ақсу-Аюлы ауылының өнерпаздары ән мен жырдың тиегін ағытты. Ал балабақша бүлдіршіндері болса, елордамызға арнап өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ саябақта кітап көрмесі өтті.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы