Бүгін Алматыда жетісулық жайсаңдар Арыс қаласының 150-ге жуық баласын құшақ жайып, қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл балалар Алатаудың етегіндегі әсем жерлерде орналасқан жазғы балалар демалыс лагеріне барады. Игілікті әрі қайрымдылық іс-шараны Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр. 1 айлық демалысқа жалпы саны 150 жеткіншек келген.
Гүлжан Елубаева, Алматы облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:
- Енді балаларды біздің Тау Түрген шатқалында орналасқан лагерінде 20 күн демалады. Содан кейін Қапшғайдағы «Күнщуақ» лагерінде 10 күн демалады. Жалпы балалар Алматы облысындағы лагерлерде 1 ай демалып қайтады.