389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астананың жаңа келбеті талай қылқалам шеберлеріне шабыт берді

  • 308
  • UPD: 22:39, 06.07.2019

Астананың жаңа келбеті талай қылқалам шеберлеріне шабыт берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрине, Нұр-Сұлтан қаласының көркін жаңа сәулеттік ғимараттар ашып тұр. Ол қала пейзаждарымен әуестенетін суретшілердің сүйікті тақырыбына айналған.

Белгілі суретші Рашид Құлбатыров кезекті картинасын салып жатыр. Әзірге нобайы ғана аяқталған. Дегенмен, Бәйтерек пен басқа да танымал ғимараттардың сұлбасы бірден көзге түседі.

Рашид Құлбатыров, суретші:

- Мен 1986 жылы Ақтөбеден оқу бітіргеннен кейін ол кезде Целинград деген қала болатын. Сол Целинград деген қалаға мен жолдамамен келгенмін. Ол кезде бір ұзын екі ғана көше болатын. Жастар сарайы болатын. Енді қазіргі Нұр-Сұлтан архитектурасы бұрынғы Целиноградқа қарағанда жер мен көктей. Үлкен бір қала салынды.

Суретшінің Нұр-Сұлтан қаласына арналған үлкенді-кішілі 100-ге жуық еңбегі бар. Бірі сулы бояумен, енді бірі майлы бояумен салынған. Картиналарының басым бөлігі көрмелер мен жеке коллекцияларда сақтаулы тұр.

Рашид Құлбатыров, суретші:

Көбінесе мені қызықтыратын бір әсемдік архитектуралық бейнелер. Сол жаңағы қаланың бір әдемі көпірлері. Не болмаса жаңадан пайда болған ғимараттар. Сондай көріністер. Және де біз әртүрлі ауа райына байланысты саламыз. Бір керемет жаңбырлы күн болады күздің. Әр адам өзінше қабылдайды ғой.

Көпірлер суретші Максим Ведерниковтің де сүйікті тақырыбы. Алматылық қылқалам шебері елордадағы «Атырау» көпірінің дизайнына тәнті екенін айтады. Қазіргі жұмысын аяқтаған соң бірегей көпірді бейнелеуге кіріспек.

Максим Ведерников, суретші:

- Түнгі Нұр-Сұлтан қаласы мені ерекше бір күйге бөлейді. Ультра заманауи ғимараттардағы шамдар жағылған соң тіпті ажарлана түседі. Батыл архитектуралық шешімдер қазақтың кең даласымен әдемі үйлесім тапқан.

Нұр-Сұлтан қаласы бұдан әрі де дами бермек. Сондықтан, суретшілер секілді шығармашыл адамдарға шабыт беретін талай тың архитектуралық жобалардың жүзеге асатыны анық

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы