383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда елорда құрылысына қатысқандар марапатталды

  • 198
  • UPD: 23:14, 06.07.2019

Сарыарқа төсіндегі ел астанасының сәулетін асыруға Қарағанды құрылысшыларының да қосқан үлесі қомақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, Ақорда, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Бәйтерек монументі, Мұз сарайы секілді алып нысандарды тұрғызу жұмыстарына қатысқан. Солардың бірқатары Теміртау шаһарында өткен салтанатты жиында марапатталды.

Ерке Есілдің жағасында бой көтерген еліміздің бас қаласы - Елбасының төл туындысы. Сәулеті мен дәулеті келіскен алып шаһар небәрі 21 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Қазір «Нұр-Сұлтан» әлем мойындаған әсем қалаға, ірі саяси орталыққа айналды. Сарыарқа төсіндегі татулық пен бейбітшіліктің мекені. Қайнаған құрылыста қарағандылықтардың да қолтаңбасы бар.

Виктор Попов, құрылысшы:

- Қаланың бас жоспарына сәйкес біз ең бірінші болып инженерлік зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Соның қорытындысы бойынша Есілдің сол жағалауын ми батпақтан тазарту жұмыстары басталды. Қазір бой көтерген зәулім ғимараттардың шамамен 70-80%-нің инженерлік зерттеуін жасадық десем, артық айтқандық емес.

Теміртауда өткен салтанатты кеште Елбасымен бірге еңбек етіп, бас қаланың құрылысына қатысқан ардагерлер естелік айтты. «Бұл тарихи шешімге басында күмәнмен қарағандар да болды, бірақ Елбасының көрегендігінің арқасында ғасырдың ғаламат жобасы табысты жүзеге асты», - дейді замандастары. 

Тоқтархан Ысқақов, құрметті металлург:

- Ол кісі 1994 жылдары болу керек сессия кезінде астананы саламын дегенде ешкім нанған жоқ дейді. 5-6 процент қана болмаса. Ол кезде ақша да жоқ, жағдай да жоқ. Бірақ ол кісі іске асырды. Жаңа қала, болмаған қала. 

Бұл күні жергілікті өнерпаздар тәуелсіздік, астанамыз жайлы жазылған рухты әндерді шырқап, кештің көркін қыздырды.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Әсет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы