383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда басталған «Beibitshilik jane birlik» велошеру Нұр-Сұлтанда өз мәресіне жетті

  • 227
  • UPD: 23:19, 06.07.2019

7 мемлекет, 55 қала және 6 мың шақырым. Қазақстандық 6 азамат осы қашықтықты екі жарым айға жуық уақытта велосипедпен басып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Велошеру 29 сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондоннан басталған болатын. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өз мәресіне жетті. Оларды жергілікті жұрт ыстық ықыласпен қарсы алып, қошемет көрсетті. Велошеруге «Beibitshilik jane birlik» деген атау берген. Себебі команда мүшелерінің барлығы қазақстандық болғанымен әр түрлі ұлт өкілі. Басты мақсаттары - Қазақстанның атын әлемге паш етіп, туризм мен спортты, салауатты өмір салтты және бірлікті насихаттау.

Саттар Мәжитов, ҚР Президенті жанындағы республикалық қоғамдық келісім мекемесінің директоры:

- Бірнеше елдің жерінде болып кетті. Ең алдымен Ұлыбритания жері, Бельгия, Голландия, Польша, Германия, Ресей, Беларусь. Әр елде өте жақсы қарсы алды. Қазақстанды таниды екен, біледі екен. Әсіресе, мҚазақстанда 100-ден астам ұлттар тұратынын, яғни олардың арасындағы татулыққа таң қалатынын айтқан екен.

Азамат Атантай, «Beibitshilik jane birlik» халықаралық веложарысқа қатысушы:

- Арамызда кәріс бар, орыс бар, татар бар, қазақ бар. Басқа елдерді өткенде Қазақстан туралы біз көп әңгіме айтып, көп ақпарат бердік. Сұрақтар болды, санын бәрін ашып, жол бойы ақпаратпен бөлістік. Жол-жөнекей кішкене тоңдық, кішкене шаршадық. Бірақ негізі жақсы жетті.

Хабар 24 телеарнасы