383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда эстрада жұлдыздарының қатысуымен Елорда күні тойланды

  • 194
  • UPD: 23:52, 06.07.2019

Бүгін алматылықтар да,елорда күнін атап өтті. Мегаполистің Абай атындағы алаңында танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Франция елінің жұлдыздары да атсалысып, қазақ тілінде ән шырқады. Алматылықтар «географиялық жағынан елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан алыс орналассақ та, бұл мерекені бірге атап өтеміз. Себебі, бұл біздің ортақ қуанышымыз» - дейді. 

Роза Үмбетова, қала тұрғыны:

- Бүгін елорда күні. Барлық қазақстандықтарға ортақ мереке. Мен сол мерекені тойлайық, көрейік деп осы немерелерімді осы мерекеге алып келіп отырмын. Мен Нұр-Сұлтан қаласында болдым. Маған өте ұнады. Жаңа типтегі жаңа модельдерде салынған, жақсы қала. Ол барлық қазақстандықтарға мақтанарлықтай керемет қала.

Риза Сақатова, қала тұрғыны

Барған сайын көркейіп, өсіп, өркендеп бара жатыр. Ол жастардың қаласы.

Дана Мүслимова, қала тұрғыны:

- Әрбір мемлекеттің астанасы ол сол мемлекеттің келбеті. Біздің Нұр-Сұлтан қаламыз әлем таныған жас қала. Көркейе берсін, гүлдене берсін. Соны тілеймін.

Ақмарал Сембек, қала тұрғыны:

Елордалықтар, мерекелеріңіз құтты болсын! Бас қаламыз дами берсін, жайнай берсін!

Хабар 24 телеарнасы