389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық 144 отбасы мереке қарсаңында баспаналы болды

  • 287
  • UPD: 07:29, 07.07.2019
Павлодарлық 144 отбасы мереке қарсаңында баспаналы болды

Елорда күні павлодарлық тұрғындардың қуанышы еселене түсті.

Облыс орталығында тоғыз қабатты екі үй қолданысқа беріліп, 144 шаңырық баспаналы болды. Жаңа қонысқа ие  болғандардың  дені  банк салымшылары. Олар пәтердің бір шаршы метрі 165 мың теңгеден болғанын айтады. Жалпы осындай шартпен Ертіс өңірінде жыл басынан бері 1355 отбасы тұрғынжайға қол жеткізген. Осы үйлерден «Өз үйім» жобасы арқылы  жергілікті  кәсіпорында еңбек ететін 20 жұмысшыға  үш бөлмелі пәтерден бұйырды. Қуанышқа кенелген  қала тұрғындарын құттықтаған аймақ басшысы  осы жерге жақын тұрған қалалық саябақта бір мезетте мың адамға қызмет көрсететін  аквапарк салынатынын жеткізді. Қуат Құсбековтың шаңырағында алты бала бар. Әскери қызметші  отбасымен  ұзақ жылдар жалдамалы пәтерде тұрған екен.

Қуат Құсбеков, әскери қызметші:

- Үлкен қуаныш, көптен күткен қуаныш. Көп балалы отбасы болғаннан кейін біз жалдамалы пәтерде тұрып келдік осынша. Қорғаныс министрлігі бізге  пәтер ақысын төлеп беріп отырды. Дегенмен өз үйіңдей болмайды. Міне бүгін, құдайға шүкір, өз үйімізге қол жеткізіп отырмыз. Үлкен мереке болайын деп жатыр. Сол қос қуанышқа бүгін біз де ие болып, пәтерлі болып, сондай жақсылықтар болып жатыр. Азаматтарға, Қазақстан бойынша баспаналы болуына біз сияқты қуаныштарға бөлене берулеріне тілектеспін.

Хабар 24 телеарнасы