384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА өкілдері домбыра күні дүниеге келген сәбилерге ұлттық аспапты сыйлады

  • 207
  • UPD: 23:30, 07.07.2019

Домбыра күнінде дүниеге келген нәрестелерге ұлттық аспап тарту етілді.  Мұндай акцияны Қазақстан халқы Ассамблеясы дәстүрге айналдырды. 

Биыл екінші рет ұйымдастырылған шараға ассамблея мүшелері мен қоғамдық келісім кеңесі және этномәдени бірлестіктер ат салысты. Олар Елордадағы перзентханаларды аралап ана мен баланы құттықтап, сый құрмет жасады. Ақ тілектерін арнап, сәбилерге қазақтың атын әлемге танытатын талант иесі болсын деп тілек айтты. Оларға арнап күй орындады.

Әйгерім Тілеуова, батыр ана:

- Отбасымызға үлкен қуаныш. Бүгін сегізінші баламыз дүниеге келіп жатыр. Домбыра күніне орай туып жатыр. Сіздерге рахмет айтам өстеп келіп құттықтап жатқандарыңызға. Енді болашақта қызымыз үлкен домбырашы болсын.

Ләззат Құсайынова, қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі: 

- Жыл сайын қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен перзентханаларға барып, бүгінгі күні алғашқы туған перзенттерге домбыра ұсынамыз. Болашақта бұл балалар еліміздің нағыз азаматтары болып өссін деп. Домбыраға ие болған балалардың өмірлерін зерттеп, болашақта өзіміздің Қазақстан халқы Ассамблеясына қосамыз деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы