389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы өмірбаянын жазған автор еліміздің астанасы туралы пікірімен бөлісті

  • 344
  • UPD: 16:06, 07.07.2019

Елорда күніне орай Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын қағаз бетіне түсірген автор біздің Лондондағы тілшіміз Ғалымжан Қараманұлына эксклюзивті сұхбат берді.

Британиялық жазушы Елбасы туралы естеліктерімен бөлісіп, Нұр-Сұлтан қаласы туралы пікірін білдірді.

Джонатан Айткеннің әдеби кітаптары өте көп. Бірақ «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы» атты кітабы үйінің төрінде ерекше орын алады. Еңбек авторы, Британия парламентінің бұрынғы мүшесі Джонатан Айткен оны 10 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевпен өткізген сұхбатынан кейін жаза бастаған.  Айткеннің айтуынша, Елбасы бүкіл саяси күш-жігерін және креативті ойлау қабілетін пайдалана отырып, барша жұртқа әлем астанасы қандай болуы керектігін көрсете білген.

Джонатан Айткен, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяншысы:

- Егер сіз парашютпен Нұр-Сұлтан қаласына секіріп, «мен қайдамын өзі» деп сұрасаңыз, Ресейде, Голландияда немесе Франциядамын ба деп ойлап қалар едіңіз. Өйткені қала сәулетінде ұқсастықтар көп. Бұл үйлесімдер өте жарасымды дер едім.

Биограф Нұр-Сұлтанды табысқа жол ашқан және дамуы қарқынды жастар қаласы деп есептейді. Оның пайымдауынша, Тұңғыш президент өмірлік маңызы бар, шынайы, экология тұрғысынан тартымды, қызықты және ерекше қала тұрғызған. Джонатан Айткеннің пікірінше, Елбасының қолынан шыққан дүние болашақта халықаралық деңгейдегі қалаға айналады.

Джонатан Айткен, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяншысы:

- Әлбетте Қазақстанның болашағы зор. Табиғи және минералды ресурстарыңыз көп. Сонымен қатар сіздер адами капиталға да байсыздар. Тұңғыш президент білімге басымдық беріп отыр. Арнайы мектептер мен университеттер жоғары білімді және дарынды болашақ ұрпақты тәрбиелеп жатыр.

Айта кетейік, жазушы кезінде Ұлыбритания министрлер кабинетінің және парламентінің мүшесі болған. АҚШ президенті Ричард Никсон туралы жазған кітабы үшін ең үздік саяси өмірбаян ретінде Черчиль атындағы жүлдеге ие болған. 77 жастағы қаламгер енді тағы бір биографиялық еңбек жазуды қолға алмақшы. Бұл жолы өзі туралы.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы