386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда теңіз жағасында су перісінің мүсіні пайда болды

  • 514
  • UPD: 15:35, 07.07.2019
Ақтауда теңіз жағасында су перісінің мүсіні пайда болды

Каспийдің жағасында су перісінің мүсіні пайда болды. Осылайша Ақтаудағы жартасты соқпақ жағалауындағы мифтер алаңы тағы бір ертегі кейіпкерімен толықты.

Су перісінің мүсіні гипстен құйылып, сырты қоламен жалатылған. Туристер оның оң қолындағы білезікті сипау арқылы айтылған тілегінің қабыл боларына сенеді. Аңыз бойынша періге білезікті теңіз құдайы Посейдон сыйлаған. Айта кетейік, 4 және 15-шағын аудан аралығындағы мифтер алаңы былтыр қолданысқа берілген еді. Қазір бұл жерде аққу, түйе қыз секілді он үш шағын сәулет ескерткіші тұр. Алыстан көз тартатын алаң аз уақытта қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды.

Айгүл Сәтбергенова, қала тұрғыны:

- Бұл су перісі туралы біздер ертегіден білеміз. Жалпы маңғыз Маңғыстауымыздың төрінде, қарт Каспийдің жағасында осы су перісінің бейнесі орналасқаны теңізге сән беріп тұрған сияқты. Жағажайда кешкілік серуендегенде суретке түсуге ыңғайлы. Осындай жақсы дүниелердің қойылғанына біз өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы