384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жаңа туған сәбилерге домбыра сыйға тартылды

  • 263
  • UPD: 23:16, 07.07.2019
Шымкентте жаңа туған сәбилерге домбыра сыйға тартылды

Шымкентте домбыра күні мерекесінде дүниеге келген сәбилерге ерекше сыйлық жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шілденің 7-сінде дүние есігін ашқан алғашқы екі ұл мен екі қыз балаға қазақтың қасиетті домбырасы мен ойыншықтар тарту етілді. Мерекелік шараны қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен аналар кеңесі ұйымдастырған. Жас аналарға ұлттық аспаптың құндылығы мен маңыздылығы жеткізілді.

Гүлвира Байтуғанова, Шымкент қаласының тұрғыны:

– Кішкентай кезімде әкем мені домбыраға берген. Мен ары қарай алып кетпедім домбыраны, өте ерке қыз болғандықтан. Бүгін домбыра күніне орай сыйлық алдық. Балам домбырашы болсын деп тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы