389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада балалар ұлттық спорт түрлерімен танысты

  • 356
  • UPD: 23:15, 07.07.2019
Астанада балалар ұлттық спорт түрлерімен танысты

Елорда күніне орай ұлттық спорт түрлерінен балалар арасындағы жарыс өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Арыстан келген 200-ден аса бүлдіршін де қатысты. Қаладағы бұқаралық шаралар өткізу дирекциясы оларға арқан тарту, асық ату секілді ойындардың ережесін түсіндірді. Кейін балалар бірнеше топқа бөлініп, өзара мқтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткендер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында саламатты өмір салтын насихаттау бағытында кешенді шаралар атқарылып жатыр. Қазір қала тұрғындарының 29 проценті бұқаралық спортпен тұрақты айналысады.

Думан Ізтілеуов, жарысты ұйымдастырушы:

– Елорда күніне орай Арыстан келген қонақтарымызға, яғни балаларға осындай көңілді старт және ұлттық ойындарды өткізіп жатырмыз. Қалада басқа да үлкен бұқаралық шаралар өтуде. Мақсатымыз – балалар арасында бұқаралық спортты дамыту.

Хабар 24 телеарнасы