389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жаңа нысандар қолданысқа берілді

  • 326
  • UPD: 23:10, 07.07.2019

Елорда күніне орай Қостанай облысында бірқатар нысан халық игілігіне берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Амангелді ауданында тұрғын үй, саябақ және футбол алаңы бой көтерді. Нысандарды тұрғызуға ауылдың іскер азаматтары бастамашы болған. Сегіз пәтерлі баспанаға жас мұғалімдер мен дәрігерлер қоныстанады. Себебі, ауданда осы саладағы мамандар тапшы. Ал жастар саябағының құрылысына кәсіпкерлер 30 миллион теңге бөлген. Демалыс орнында спорттық-сауықтыру, балаларға арналған ойын алаңдары қарастырылған. Ал заманауи футбол алаңында жеткіншектердің доп қуып, бос уақыттарын тиімді өткізуіне бар жағдай жасалған.

Серік Қанафин, кәсіпкер:

– Балалар спортқа жақын болсын деп, футболмен айналыссын деп осы алаңды сыйға беріп жатырмын. Құтты болсын. Балалар әйгілі спортшы болсын, футболшы болсын.

Хабар 24 телеарнасы