384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы жәрмеңкеге 800 тоннадан аса өнім әкелінген

  • 194
  • UPD: 23:10, 07.07.2019
Астанадағы жәрмеңкеге 800 тоннадан аса өнім әкелінген

Елорда күніне ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ерекше тарту жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше өңірдің фермелері өзара бас қосып, арнайы жәрмеңке ұйымдастырды. Атап айтқанда Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарынан 800 тоннадан аса өнім әкелініп, нарықтағы бағадан әлдеқайда арзанға сатылып жатыр. Олардың қатарында ет, шұжық, балық, май, сүт секілді 500-ге жуық өнім түрі бар. Бұған қоса, жәрмеңке аумағында мерекелік концерт ұйымдастырылып, қала тұрғындарымен түрлі ойындар өткізілді.

Сырым Бошпанов, Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары:

– Кешелі бері концерт қойылып жатыр. Біздің облыстың өнерпаздары өнер көрсетіп, бауырсақ шоу, қымыз шоу өткізілді. Халыққа тегін таратылды.

Хабар 24 телеарнасы