389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Домбыра – қазақтың рухы және тарихы

  • 271
  • UPD: 10:05, 08.07.2019

Алматылықтар домбыра күнін атап өтті.

Мерекелік іс-шаралар таңертеңмен Арбатта басталды. Көрермен назарына концерттер, театрландырылған қойылымдар мен әртүрлі флешмобтар ұсынылды. Мерекелік шараға жүзге таяу домбырашы қатысты. Олардың қатарында «Отырар сазы» оркестрінің кәсіби домбырашыларымен қатар консерватория студенттері және қарапайым қала тұрғындары да бар. Өнерпаздар халық әндерін орындап, Құрманғазы, Дина мен Тәттімбет секілді әйгілі күйшілердің күйін тартты. Арбатта домбыра жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шеберлер келушілерге оның қадір-қесиетін ұғындырып, неден жасалынатынын баяндады.

Ықылас Нұрғалиев, «Сазген сазы» этно-фольклорлық ансамблінің дирижері:

– Домбыра мен қазақ бір-бірімен тығыз байланысты. Домбырамен қазақ күй тартқан, домбырамен қазақ ән айтқан. Домбырамен қазақ жыр тартқан. Домбырамен айтысқан. Домбыраны басқа да көптеген ұлттар қызығушылық танытып үйреніп жатқан жайы бар.

Хабар 24 телеарнасы