389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда 31 жаңа автобус пайдалануға берілді

  • 362
  • UPD: 14:37, 08.07.2019
Көкшетауда 31 жаңа автобус пайдалануға берілді

Қостанайда құрастырылған 30 шақты автобус алдағы аптадан бастап жолға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында сатып алынған көліктердің жалпы құны 1 жарым млрд теңгеден асады. Ал жаңа автобустар заман талабына сай жабдықталған. Төлемді тұрғындар карта арқылы жасаса, ал автобусқа қанша адамның кіріп-шыққанын арнайы электронды қондырғылар бақылайды. Жаңа көлікте әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп-түсуіне ыңғайлы жылжымалы пандус қойылған. Жалпы, Көкшетаудағы қоғамдық көліктердің көпшілігі әбден ескірген.

Әсия Шәрімова, автобус паркінің бас директоры:

– Бұл автобустар қаладағы №1, 5, 9, 10 және 16-бағыттарға қатынайды. Жаңа қоғамдық көліктер халықтың көңілінен шығады деген ойдамыз. Күзге қарай шаһарға тағы 13 автобус сатып әкелеміз.

Хабар 24 телеарнасы