383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдықтар Қадыр Мырза Әлидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

  • 160
  • UPD: 14:37, 08.07.2019
Оралдықтар Қадыр Мырза Әлидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Оралдықтар Ұлттық домбыра күнінде киелі аспаптың мән-маңызын жете түсінген ақын Қадыр Мырза Әлидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ музыканттары мен елімізде қайтадан құрылған Күйшілер одағының мүшелері марапатталды. Сондай-ақ Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет пен өнер орталығында арнайы домбыра кабинеті ашылды. Онда оқушыларға экскурсия ұйымдастырылып, домбыраның құрылымы мен тарихы айтылып, күй ойнау бойынша қойылған рекордтар жайында ақпарат беріледі. Мұнда сонымен қатар ежелгі қазақ аспабының электронды нұсқасы орнатылған. Оралдықтар ойлап шығарған жаңашылдықтың шегіне қол тигізсеңіз болғаны, барлық әйгілі күйлер орындалады.

Асқар Кенжеғалиев, ҚР Күйшілер одағы БҚО филиалының жетекшісі:

– Төрт үлгідегі – ойып жасалған домбыра, арғы жағындағы қой шегінен жасалған көне домбыра. Әдемі безендірілген, мал сүйегінен өрнегі тағылған домбыра. Мынау кәдімгі концерттік домбыралар дейміз ғой, сол домбыраның үлгісі берілген.

Жеңіс Өтеуов, домбырашы:

– Бізде атадан балаға мирас болған төл өнерімізді насихаттау өте тамаша жүріп жатыр, ризамыз. Әрбір қазақтың үйінде домбыра тұрсын деп тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы