389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

  • 433
  • UPD: 14:35, 08.07.2019
Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Коммуналдық базарға 4 ауданның тауар өндірушілері және тұрақтандыру қорының өнімдері шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы шараға Меркі, Жамбыл, Тұрар Рысқұлов, Байзақ аудандарының кәсіпкерлері қатысты. Тұрғындарға жалпы құны 6 миллионға жуық теңгенің 9 тонна тауары ұсынылды. Көкөніс, сүт, шұжық өнімдеріне басымдық берілген. Әсіресе етке сұраныс жоғары. Жәрмеңкеде жылқы еті 1500, сиыр еті 1450 теңгеден саудаланды. Мұндай шараны облыс орталығында жыл соңына дейін әр аптаның сенбі, жексенбі күндері өткізу жоспарланып отыр. 

Қайрат Аманов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Жәрмеңке елорданың мерекелік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Бұл жерде қала тұрғындарына, қонақтарға тиімді бағада, нарық бағасынан 20 пайызға төмен өткерілуде. Сонымен қатар бұл жерде негізінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тікелей өздері өнімдерін өткереді.

Хабар 24 телеарнасы