389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр елінде домбырашылар байқауы ұйымдастырылды

  • 570
  • UPD: 14:34, 08.07.2019
Сыр елінде домбырашылар байқауы ұйымдастырылды

«Ғасырлар пернесі» атты облыстық байқаудың ақтық кезеңіне жүзден жүйрік шыққан күйшілер қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Олар Қазанғап пен Шалмырзаның, Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлерінен бақ сынасты. Қатысушылардың жақсы дайындалғаны байқалып-ақ тұр», – дейді мамандар. Ал шараның басты мақсаты – жастар арасынан талантты өнерпаздарды анықтап, төл мәдениетімізді өскелең ұрпаққа дәріптеу.

Әлімжан Әбсадықов, Қазылар алқасының төрағасы:

– Бағдарлама өте тыңғылықты дайындалған. Біздің Сыр бойының күйшілері Шал Мырза, Әлшекей, Досжан күйшілердің күйлері қамтылған. Біз осы өзіміздын Сыр бойының күйлерін дәріптеу мақсатында осы конкурсты ұйымдастырып жатқан осы конкурстар алдағы уақытта жиі түрде жыл сайын өтіп жатса, бұл деңгейі конкурстың мәртебесі өседі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы