383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық жұмысшы жастар спартакиадаға қатысты

  • 154
  • UPD: 14:34, 08.07.2019
Тараздық жұмысшы жастар спартакиадаға қатысты

Таразда еңбек жастары арасында қалалық спартакиада өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға 18 бен 35 жас аралығындағы жергілікті 120-дан астам жас қатысты. Олар спорттың қол күрес, суда жүзу, гір тасын көтеру және арқан тарту сияқты түрлері бойынша өзара сайысқа түсті. Дәстүрлі жарыстың биылғы ерекшелігі, жұмыссыз жастар да қамтылған. Негізгі мақсат олардың бос уақыттарын тиімді өткізіп, саламатты өмір салтын ұстануға бағытталып отыр. 

Айта кету керек, шаһарда жылдан-жылға бұқаралық спортпен айналысатын халық саны артып келеді. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта тұрғындардың 29 проценті спортпен жүйелі түрде шұғылданады.

Абзал Есіркеп, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары:

– Спартакиаданың негізгі мақсаты Елорда күніне орай ұйымдастырылған. Бұқаралық спорт түрлерін, саламатты өмір салтын жастар арасында қалыптастыру мақсатында осындай іс-шараны ұйымдастырып жатырмыз. Бұл шара тек бүгінгі күнмен ғана шектеліп қалмай, алдағы уақытта да әр мереке сайын, әр тоқсан сайын осындай спартакиада ұйымдастыру жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы