389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 45 отбасы баспаналы болды

  • 237
  • UPD: 14:33, 08.07.2019
Ақмола облысында 45 отбасы баспаналы болды Kn.kz

Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласында 45 пәтерлі үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа үйден көп балалы отбасылар, жетімдер және мүмкіндігі шектеулі жандар баспаналы болды. «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған көппәтерлі үй небәрі бір жылдың ішінде бой көтерген. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, шағын шаһарда алдағы уақытта тағы осындай үш үй тұрғызылады. Сондай-ақ дәрігерлерге де арнап үй салу жоспарланған. Ал елорда күніне орай баспаналы болғандардың қуанышында шек жоқ.

Арнагүл Аушахманова, көп балалы ана:

– Бүгінгі күннен алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Барлық қуаныш бір күнде келді. Олай дейтінім, жаңа ғана «Күміс алқа» иегері атансам, енді, міне, үш бөлмелі пәтер алып, қуанышым қойныма сыймай тұр.

Хабар 24 телеарнасы