383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 500 шақырымнан аса жол жөнделмек

  • 186
  • UPD: 14:33, 08.07.2019
БҚО-да 500 шақырымнан аса жол жөнделмек

Батыс Қазақстан облысында соңғы 3 жылда 1 мың 200 шақырым болатын автокөлік жолы салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл тағы 500 шақырымнан аса жол жөнделмек. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 30 миллиард теңге бағытталады. Әсіресе облыс және аудан орталықтарындағы кіреберіс жолдарды жөндеуге баса көңіл бөлініп отыр. Мәселен, Шыңғырлау ауданы аумағындағы облыстық маңыздағы жолдың бөліктерін жөндеуге 2 жарым миллиард теңге жұмсалмақшы. Сонымен қатар аудан орталығында да жаңа жолдар салынады. Жоба аясында көшелердегі жаяу жүгіншілерге арналған тротуарлар да жөнделмек.  

Ерсайын Шәйімбетов, Шыңғырлау аудандық ТКШ және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:

– Өткен жылы басталған Лұқпан Қылышев көшесіндегі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жолдың ұзындығы 3,2 шақырымды құрап отыр. Жобаның жалпы құны – 285 миллион теңге. Сонымен қатар қазіргі таңда Шыңғырлау ауылында қосымша екі көшесінде, яғни Тәуелсіздік және айналмалы жол болып саналатын Мұратбаев көшесінде күрделі жөндеу жұмыстарын бастамақпыз. Қазіргі таңда мердігерлер анықталды.

Хабар 24 телеарнасы