384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың «Промышленный» тұрғын алабындағы халық кірпіш зауытын көшіруді сұрады

  • 129
  • UPD: 18:17, 08.07.2019
Елорданың «Промышленный» тұрғын алабындағы халық кірпіш зауытын көшіруді сұрады

Алтай Көлгінов «Промышленный» тұрғын үй алабы тұрғындарының мәселелерін тыңдады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Алматы ауданы аумағындағы нысандарды аралап, проблемалық учаскелермен танысты. Қала әкімі 30 мыңға жуық тұрғыны бар Алматы ауданындағы «Промышленный» тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Жүздесу барысында тұрғындар «Ақкент» ЖШС силикат кірпіш шығаратын зауытты ауыстыру, жылы аялдаманы және спорт алаңдары бар скверді жайластыру туралы өтініш айтты. Сондай-ақ номері 13 мектепті кеңейту, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту және жол құрылысы мәселелері талқыланды.

Хабар 24 телеарнасы