389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста ақтөбеліктер жөндеген 100 үй иелеріне табысталды

  • 313
  • UPD: 18:55, 08.07.2019
Арыста ақтөбеліктер жөндеген 100 үй иелеріне табысталды

Жарылыстан зардап шеккен арыстықтарға көмек көрсетуде Ақтөбе жұрты аянып қалып жатқан жоқ.

12-секторға кіретін 765 үйді жөндеу ақтөбелік құрылысшылардың үлесінде. Жүйелі ұйымдастыру арқасында 100 баспана аз уақыт ішінде жаңғыртылып, үй иелеріне табысталды. Қазір 4 жүздей үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аумақта 3 үйге снаряд түсіп, біреуі түгел жанып кеткен. Ақтөбеліктер жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланып, жарамсыз үйді қайта салуды бастап кетті.

Рахат Сыдықов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

- Бұзылған үйлер қайта істеліп жатыр. Одан бөлек 30 тонна гуманитарлық көмек келді. 200 баланы жазғы лагерьге демалдыруды ұйымдастырып жатырмыз. 15 шілде білім басқармасынан адамдар келіп, 100 баланы алып кетеді. Келесісін 29-на келіп алып кетеміз. Сонымен 200 баланы тағы тегін демалдырамыз. Гуманитарлық көмек ары қарай жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы