389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулықтар Арыстағы 854 үйді жөндеп береді

  • 304
  • UPD: 20:19, 08.07.2019

Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласында 340 үй қалпына келтіріліп, иелеріне тапсырылды.

Бейбіт күнде баспанасынан безуге мәжбүр болған тұрғындардың үйін жөндеп беруге Алматы облысының құрылысшылары да білек сыбана кірісіп кетті. 

Алматы облысына бөлінген аумаққа 854 үй кіреді. Соның 700-ден астамы зерттеліп, жүзден аса баспана жөнделіп жатыр.  

Ләззат Тұрлашов, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- Біреуінің төбесін ауыстыру керек, біреуінің терезесін ауыстыру керек. Кейбіреулерін комиссиямен қараймыз да мүмкін бұзу керек шығары. Оның бәрі 1-2 күнде толық зерттеліп, сметасын шығарамыз. Бірақ қазірдің өзінде саналған бойынша 2 млрд тг жуық ақша керек болады орнына қалпына келтіру үшін.

15-секторға кіретін 29 көшеде жетісулық 4 ірі мердігер мекеме жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 200-ден аса құрылысшы тартылған.  

Дәурен Тұрғанбаев, Алматы облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

-  Бізге бөлінген секторда 1 үй жарамсыз. Қазір демонтаж бітіріп, қайта салуға кірістік. Негізінен жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланып жатырмыз. Арнайы техниканы да осы жақтан жалдайтын боламыз.

Сапалы және сәулетті құрылысқа жаппай жұмыла кіріскен Алматы облысының әкімдігі жөндеу жұмыстарын тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Әлхадар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы