384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі қоғамдық көліктер электронды билет жүйесіне көшіріледі

  • 169
  • UPD: 20:22, 08.07.2019

Жолақы  төлеудің бұл тәсілі әуелі қаладағы трамвайларда жүзеге аспақ. Одан соң біртіндеп автопарктер ауысады.

Бүгінге дейін Өскемендегі трамвай паркі техникалық тұрғыдан толық дайындалды. Енді бұл қызметтің түрін көрсететін компаниялар арасында тендер өткен соң қоғамдық көліктер арнайы құрылғымен жабдықталады.

Соңғы 5 жылда қаржылық қиындыққа тап болып, былтыр мемлекеттің  қармағына өткен соң жұмысы оңалған Өскемен трамвай паркінің ұжымы электронды билет жүйесінен ерекше үміт артып отыр. Өйткені бұл жүйе енсе шығын азайып  түскен табыс кәсіпорынды жаңартуға  жұмсалады.

Михаил Чайка, трамвай паркінің техникалық директорының міндетін атқарушы:

- Электрондық  билет жүйесін енгізу бұл біріншіден қоғамдық көліктермен жүретін жолаушылар үшін қолайлы.Екіншіден кондуктордың жолақы алып үлгрмей қалуы сияқты  жағдайлар мүлде  жойылады. Екіншіден жолаушылар ағынын реттеп отыруға болады. Сондықтан электрондық билет жүйесін енгізуге  техникалық тұрғыда толық дайынбыз.

Қоғамдық көліктердегі  электрондық билет жүйесі бұған дейін  Нұр-Сұлтан мен Алматыда енгізілді. Ал аймақтарда Өскемен бірінші қолға алды.

Сламхан Қуанышев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Бес автопарктің автобусы жүреді. Біз жақта. Нұрсұлтанда. 90 теңгелігі тиімді. 180 теңгелігі тиімсіз.

Виктор Петров, қала тұрғыны:

- Негізі көзқарасым дұрыс. Жолақы төлеудің машақаты азаяды. Ал электронды болғандықтан алдын ала  қаржы салып қойған тәріздес болады. Әсіресе автобуста адам көп кезде қолайлы.

Трамвай паркі  былтыр Алматыдан 13 вагон алып тасымалға шығарған. Дегенмен, рельстер мен электр сымдарының 80 проценті ескі. Осының кесірінен трамвайлардың көбінде жүріп келе жатқанда ақау шығады.

Олжас Керейхан, тілші:

- Жалпы трамвай паркінде 29 вагон болса, күнделікті тасымалға 17-18 трамвай шығады.Оның әрқайсысына бір күнде аз дегенде 100 адам отырады. Ал жолақы бағасы қазір 65 теңге. Яғни 17 трамвайдан күнделікті 1 миллион 200-300 мың теңге түседі. Енді электрондық жүйеге көшкенде  табыс өседі деген сенім бар.

Жолақыдан түскен табыс кәсіпорынды жаңғыртуға жұмсалмақ. Электорндық билет жүйесі трамвайда сәтті жүзге асса, автобустар  да осы төлем жүйесіне көшіріледі. Бірақ кейбір автопарк басышылары жаңа жүйені енгізуге  құлықсыз көрінеді.

Ернар Мұстафин, облыстық жолаушылар тасымалы басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізде қалада 10 тасымалдаушы бар. Оның бесеуі иә деп қол көтерсе қалаған бесеуі әлі дайын емеспіз дейді. Сондлықтан осы мәселе реттеліп жатыр. Халық төлеген ақша мысалы бір тасымалдаушының автобусына адам жүрсе тек сол тасымалдаушының шотына барып түседі.  Бұл бюджке өте пайда көп.Өйткені  электрондық билет болса ертең халыққа ыңғайлы болады.

Жаңа төлем жүйесі енгізілген соң арнайы төлем карталары шығарылады. Жолақы өспейді. Жеңілдіктер де сақталады. Тек қолма- қол төлейтіндер үшін басқа тариф болады. Ал кондукторлар да жұмыссыз қалмайды. Олар бақылаушы қызметін атқарады. Қазір электрондық билет жүйсін ұсынатын компаниялар арасында тендер өткізіліп жатыр. Қызмет көрсету жобасын ұтқан кәсіпорын тармваларға  бірден  қондырғыларды ортауға кіріспек. 

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы