389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да зергер өз білгенін өнерге бейімі бар достарына үйретіп жүр

  • 313
  • UPD: 22:47, 08.07.2019

Өнерліге өріс кең. Елімізде өзінің сүйікті ісін табыс көзіне айналдырғандар аз емес.

Сондай жандардың бірі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауылында тұрады. Зергер азамат қазір осынау текті өнердің қыр-сырын өзгелерге үйретуге кіріскен. Ал шыңғырлаулық шебер Әсел Сұлтанғалиева тіккен көрпе-төсек те көпшіліктің көңілінен шығып жүр. 

Жаңақалалық Досқали Мұратов 2002 жылы өнер институтын тәмамдапты. Сол кездің өзінде сурет және мүсін өнеріне ерекше ден қойған. Бертін келе зергерлікті меңгерді. Шебердің қолынан шыққан алтын мен күміс бұйымдары аймақ тұрғындарына жақсы таныс. 2017 жылы өз туындыларын ЭКСПО көрмесіне де апарып қайтты. «Зергерлік өнер мал шаруашылығы секілді қазақтың ата кәсібі саналады. Мен де қазір өзімнің сүйікті ісімді табыс көзіне айналдырдым. Ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарға әркез сұраныс бар»,- дейді шебер.    

Досқали Мұратов, зергер:

- Тапсырыс беріледі сол бойынша клиентіміздің эскизін жасаймыз. Сосын сондай жұмыстар. Қазақ өрнекпен жұмыс жасаймын, құдағи білезік дейді. Тек ғана национальный емес, классический жұмыстар да кіреді тапсырыстарда. Цепочка, тағы да басқа.

Шебердің қолы ортақ демекші, Досқали да қазір өз білгенін бейімі бар достарына үйретіп жүр. 

Дамир Омаров, Талдыапан ауылының тұрғыны: 

- Тап қазір мынау бисмарк дейді, тоқу, соны цепочка. Соны жасап үйреніп жатырмын. Ортасында әлі, көп сатыдан тұрады бітіргенше. Оңай деген жоқ сияқты осы зергерлік саласында. Қолмен темірді сезінбей жаңағы күміс металды ештеңе шықпайды екен. Практика көп керек.   

Ал шыңғырлаулық Әсел Сұлтанғалиева қыз жасауы мен көрпе-төсек тігуді жолға қойған. Ісмерлік өнер оған әжесінен дарыған екен. 17 жылдай мектепте биология пәнінен сабақ берсе де, өз кәсібін ашуға деген құштарлығы ақыры жеңіп тынды. 6 жыл бұрын жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастап кетті. Қазір оның қолынан шыққан той жабдықтарына сұраныс жоғары. Осыған дейінгі бұйымдарымды эконом класс деп санаймын. Ендігі мақсат – бизнес санаттағы сапалы дүниелер жасау. 

Әсел Сұлтанғалиева, тігінші:

- Оның айырмашылығы бизнес класс деген ол өте қымбат материалдармен ұсақ жұмыстар жасау. Мысалы, құрақтарды метр жарымдық, 2 сантиметрлік ұсақ қиып, соларды құрастырып түрлі ерекше стильде, эксклюзив дейді ғой ерекше бір құрақ жасау және сапасына көңіл бөлу. Осы үшеуі ұштасса өте керемет зат шығады деп ойлаймын.

Он саусағынан өнер тамған Әсел қазір бірнеше ауылдасын жұмыспен қамтып отыр. Тапқан табысына жаңа баспана салып, ұлттық нақышта безендірілген дәмхана ашқан.     

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы